jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Таеквондо федерациясының басшысы: Қазақстан 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізуге мүдделі

    Таеквандо федерациясы
    Федерация басшысы Құдырет Шәмиев. Фото: Таеквандо федерациясының баспасөз қызметі

    Қазақстан таеквондодан 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізуге үміткер болуы мүмкін. Бұл туралы отандық WT таеквондо федерациясының президенті Құдырет Шәмиев ұлттық құраманың бірлескен жиынында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Отандық WT таеквондо федерациясының президенті Құдырет Шәмиев Қазақстан таеквондодан 2027 жылғы әлем чемпионатын қабылдауға мүдделі екенін айтты.

    "2014 жылдан бері Қазақстанда таеквондодан әлемдік жарыстар өтпеген. Бірінші кезекте бұл біздің оқшауланып қалғанымызды білдіреді. Спорт бар жерде саясат та бар. Сол саясат шеңберінен тым алыста жүрмегеніміз дұрыс. Сондықтан біз өз елімізде World Taekwondo аясында өткізілетін ірі жарыстарды қабылдауға толық дайынбыз.

    Атап айтар болсақ, тамыз айында Kazakhstan Open турнирін жоғары дәреже өткізетін жоспарымыз бар. Бұл бәсекеге әлемдік таеквондодағы беделді тұлғалар мен чемпиондар шақырылады.

    2026 жылы таеквондодан Гран-при турнирін, ал 2027 жылы таеквондодан әлем чемпионатын өткізуге үміткер атанбақпыз. Қазіргі таңда біз осы жарыстарға қатысты құжаттарды түгел дайындап, әлемдік ұйымға жібердік. Елімізде таеквондоға деген қызығушылықтың жоғары екенін өзіміз көрсетпесек, әлемдік ұйымнан бізге деген көзқарасты сұрап алу қиын. Олармен байланыста болып, әртүрлі келіп жатқан өзгерістер, жаңашылдықтар, бағдарламалардан хабардар болуымыз керек", - деді Құдырет Шәмиев.

    Айта кетейік, таеквондодан Қазақстан құрамасы бұл күндері Алматы облысында Қытайдың Синцзянь аймағынан келген оқу-жаттығу жиындарын аяқтауға дайын.

    Есбол Сұлтановтың шәкірттері Болгарияда өтетін халықаралық турнирге дайындалып жатыр.

    Одан бөлек 2024 жылдың күзінде Қазақстан таеквондо федерациясы төрешілерге арналған әлемдік семинарды жоғары деңгейде өткізген болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.