RU
Спорт
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Қазақ спортшысы пара биатлоннан Әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды

Жарияланған күні:

Пара биатлоншы Ербол Хамитов
Пара биатлоншы Ербол Хамитов. Фото: instagram.com/csp_parasport.kz

Швецияның Турсбю қаласында өткен IBU пара биатлоннан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Ербол Хамитов жеңіске жетті, деп хабарлайды kazinform.kz.

Ербол Хамитов 7,5 шақырымға спринт жарысында 19:38.0 уақыт нәтижесімен мәре сызығын бірінші болып қиды. 

2024 жылы ол Канададағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді, Әлем кубогы кезеңдерінде бірнеше мәрте жүлделі орындарға ие болды.

Сондай-ақ ол биыл ақпан айында Словенияның Поклюка қаласында өткен әлем чемпионатында алтын алды. Ербол Хамитов 12,5 шақырымдық жекелей сында жоғары нәтиже көрсетті.

Қазақстандық спортшы пара шаңғы мен пара биатлоннан Италияның Мартель қаласында өтіп жатқан әлем кубогінің екінші кезеңінде қола жүлдегер атанған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2226684-qazaq-sportshysy-para-biatlonnan-alem-kubogy-kezenginde-zhengimpaz-atandy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif