jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Денис Никиша шорт-тректен әлем чемпионатында екінші рет күміс жүлде еншіледі

    Денис Никиша
    Денис Никиша. Фото: Marcel ter Bals/DeFodi Images via Getty Images

    Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Денис Никиша Бейжіңде өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    29 жастағы қазақстандық шорт-трекші 500 метрлік қашықтықтың финалдық жарысында бақ сынады. Дәл осы қашықтық бойынша жарыста ол соңғы әлем чемпионатында күміс медальді жеңіп алған болатын.

    Бүгінгі жарыста Денис Никиша 40,096 секунд уақытта мәреге жетіп, екінші орын алды. Канадалық Стивен Дюбуа алтын иеленді. Үздік үштікті голландиялық Йенс ван 'т Ваут тұйықтады.

    Қазақстан құрамасы үшін бұл Бейжіңде өтіп жатқан әлем чемпионатындағы бірінші және әлем чемпионаттары тарихындағы екінші жүлде.

    Еске салайық, биылғы маусымда Никиша Харбиндегі Азия ойындарының эстафетасында да алтын мен күміс иеленген болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.