jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстан құрамасының қоржынына 2026 жылғы қысқы Олимпиаданың алғашқы лицензиясы түсті

    Софья Самоделкина
    Софья Самоделкина. Фото: Jonathan Moscrop/Getty Images

    Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Бостонда өтіп жатқан әлем чемпионатында дебюттік өнер көрсетіп, Қазақстан қоржынына алғашқы лицензияны салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Еркін бағдарламада 20 жастағы мәнерлеп сырғанаушы екі элементтен басқасының барлығын таза орындады.

    Нәтижесінде қазақстандық 117,78 ұпай жинап, еркін бағдарламада 13-нәтиже көрсетті. Ол барлығы 181,36 ұпай жинап, қысқа бағдарламадан кейін 14-орынға тұрақтады.

    Бұл нәтиже Самоделкинаға 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасының алғашқы лицензиясын ресми түрде алуға мүмкіндік берді.

    Бостондағы жарыста алғашқы орын мансабын қайта бастаған америкалық Алиса Люге (222,97) бұйырды. Ал алдыңғы үш әлем чемпионатында бірінші орынды алып келген жапон Каори Сакамото (217,98) осы жолы күміс жүлде иеленді. Оның отандасы Монэ Тиба (215,25) қола алды.

    Қазақстан құрамасының қоржынына 2026 жылғы қысқы Олимпиаданың алғашқы лицензиясы түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.