jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Нариман Құрбанов Хорватиядағы Әлем кубогы кезеңінде ел қоржынына медаль салды

    Нариман Құрбанов
    Нариман Құрбанов. Фото: Қазақстан Республикасы Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram-каналы

    Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нариман Құрбанов Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

    Гимнаст ат снарядындағы жаттығудың финалында сәтті өнер көрсетіп, шешуші бағдарламада 14.233 ұпай жинады. Осы нәтижемен Құрбанов Әлем кубогы кезеңін үшінші орынмен аяқтады.

    Дәл осы бағдарламада Зейнолла Ыдырысов сегізінші орынға тұрақтады.

    Ал алтын медальді армениялық Гамлет Манукян (14.633 ұпай) жеңіп алды. Күміс жүлде қытайлық Тянлун Гаоға бұйырды — 14.400 ұпай.

    Айта кетейік, бұған дейін Милад Карими еркін жаттығу бағдарламасы бойынша үшінші орын алған болатын. Ол 13 сәуірде кермедегі жаттығу бағдарламасының финалында өнер көрсетеді.

    Нариман Құрбанов Хорватиядағы Әлем кубогы кезеңінде ел қоржынына медаль салды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.