Спорт

Зектілері

Астанадағы Grand Slam турнирі: үш қазақ дзюдошысы бір салмақта жүлдегерлер атанды

Жарияланған күні:

Дзюдодан Қазақстан құрамасының спортшылары
Дзюдодан Қазақстан құрамасының спортшылары. Фото: t.me/kazjudoteam

Астанада дзюдодан өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирінің алғашқы жарыс күнінде үш қазақ дзюдошысы бір салмақта жүлдегерлер атанды. Бұл туралы Қазақстан Дзюдо федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Елордадағы әлемдік додада 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен дзюдодан Қазақстан құрамасының спортшылары Мағжан Шамшадин мен Аман Бақытжан қола медаль жеңіп алды.

Осы салмақта финалға дейін сүрінбей жеткен Талғат Орынбасар IJF өкілі Изнаур Сааевқа жол беріп, күміс медаль иеленді.

Талғат финалға дейін бес қарсыласын, соның ішінде Аман Бақытжанды да сенімді түрде жеңген.

"Осылайша, бүгін спортшыларымыз 60 келіде үш жүлде иеленіп, бұл салмақ дәрежесінде қазақтардың мықты екенін тағы да дәлелдеді.

Айта кетерлігі, бұл Талғаттың Grand Slam сериясындағы алғашқы жарысы, сондықтан бұл жүлде оның спорттық жолында үлкен маңызға ие", - делінген хабарламада.

Астанадағы Grand Slam турнирі 11 мамырға дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2243463-astanadagy-grand-slam-turniri-ush-qazaq-dziudoshysy-bir-salmaqta-zhuldeger-atandy/