jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Танымал қазақ дзюдошысы Еуропа Кубогында қола медаль жеңіп алды

    Ислам Бозбаев
    Ислам Бозбаев. Фото: olympic.kz

    Танымал қарағандылық дзюдошы Ислам Бозбаев Еуропа Кубогында қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Әкімдіктің мәліметінше, жарыс Грузияның Гори қаласында өткен. Додада 15 елден келген 200 спортшы бақ сынаған.

    Қазақстан құрамасынан қарағандылық екі дзюдошы Махамбет Даткин (-81 кг) мен Ислам Бозбаев (-100 кг) өнер көрсеткен.

    Жарыс қортындысы бойынша Ислам Бозбаев қола жүлдеге ие болды. Ол төрт рет татамиге шыққан.

    Дзюдошы алғашқы белдесуде грузиялық спортшыға есе жіберсе, екінші, үшінші белдесулерде сербиялық және әзербайжандық спортшыларды 10-0 есебімен жеңді.

    Қола жүлде үшін белдесуде Ислам Бозбаев украиналық дзюдошыдан айласын асырды.

    Ислам жалпы бұл жарыста бәсеке өте жоғары болғанын айтады.

    "Мысалы, менің салмағымда Рио олимпиадасының күміс жүлдегері белдесіп, жеңіліп қалды. Бұл қарсыластардың өте мықты және жақсы дайындалғанын білдіреді. Жарыстың өзі жоғары деңгейде өтті және мен үшін тамаша тәжірибе болды", - дейді Ислам Бозбаев.

    Еуропа Кубогыныңы жеңімпаздары
    Еуропа Кубогыныңы жеңімпаздары. Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

    Танымал қазақ дзюдошысы Еуропа Кубогында қола медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.