jitsu gif
Спорт

    "Өтеуі болды": бір жыл бұрын ауыр жарақат алған дзюдошы қыз Оралдағы турнирде су жаңа көлік ұтып алды

    Гүлнұр Бақанова
    Гүлнұр Бақанова. Фото: sportbugin.kz

    Орал қаласында спортшы Асқар Шайхиевті еске алуға арналған дзюдодан ашық республикалық жарыста спортшылар арасында автокөлік ойнатылып, жеңімпаздар анықталды. Турнирді ұйымдастырушы Рустам Шайхиевтің айтуынша, мұндай оқиға отандық дзюдо тарихында алғаш рет болып отыр, деп жазады Sportbugin.kz.

    Дзюдошылар додасында 14 салмақ бойынша жеңімпаздар анықталды. Ал чемпиондар арасында ойнатылған су жаңа автокөлікті ақтөбелік Гүлнұр Бақанова ұтып алды. 

    "Осы автокөлікті қыз балалардың бірі ұтып алса деген тілек болды. Залға жиналған жанкүйерлер де көліктің нәзік жандыларға бұйырғанын тіледі. Тілегіміз қабыл болып, темір тұлпар 70 келіде белдескен ақтөбелік қарындасымыз Гүлнұр Бақановаға бұйырды. Гүлнұр ауыр жарақат алып, бір жыл бойы емделген екен. Бір жыл татамиге шықпай, осы жарыста үлкен спортқа оралып отыр. Айтуынша, қиын кезеңдерде спорттан қол үзбеуіне ата-анасы себепкер болған. Олар қызының жарақатын емдеп, әрдайым демеу көрсетіп, жігерлендіріп отырыпты. Міне, осы көлік спортшының талай жылғы еңбегінің, бір жыл емделумен өткен уақыттың өтеуі секілді болды", — дейді Рустам Шайхиев.

    Турнирді ұйымдастырушылар облыстың тізгінін қолға алған жауапты тұлғаларға алғысын жеткізді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.