jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Ғұсман Қырғызбаев әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады

    Ғұсман Қырғызбаев
    Ғұсман Қырғызбаев. Фото: t.me/kazjudoteam

    Будапеште дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев 7-ші орынға тұрақтады, деп хабарлайды El.kz.

    66 келіде ширек финалға дейін жеткен Ғұсман Қырғызбаев шешуші белдесуде тәжік балуаны Нурали Эмомалиге есе жіберді. Ал жұбабныш белдесуінде Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Хифуми Абэге юко әдісімен жеңілді. 

    Отандасымыз бүгін жарысты екінші айналымнан бастады. Ол алғашқы белдесуінде Қытай балуанын жеңсе, екінші айналымда Израиль балуанынан басым түсті. 

    Аталған салмақта финалға тәжік және жапон балуандары шықты. Ал қос қола жүлдені Франция-Тәжікстан және Жапония-Куба балуандары сарапқа салады. 

    Венгрия астанасында 20 мамырға дейін жалғасатын әлем чемпионатының алғашқы жарыс күнінде Абиба Әбужақынова (48 келі) күміс медальға ие болды. Сондай-ақ Мағжан Шамшадин 7-ші орынға тұрақтады. 

    Ғұсман Қырғызбаев әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.