jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

    Абиба Әбужақынова
    Абиба Әбужақынова. Фото: instagram.com/kaz_judoteam

    Қазақ дзюдошысы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Абиба Әбужақынова әлемдік рейтингтегі нәтижесін жақсартты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Будапештте өткен әлем чемпионатынан кейін дзюдошылардың рейтингін жаңартты.

    Жаңа тізімде 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Абиба Әбужақынова екі саты жоғарылап, әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілген. Оның еншісінде 5662 ұпай бар.

    Рейтингте 5958 ұпаймен италиялық дзюдошы Ассунта Скутта көш бастады.

    Айта кетейік, жуырда Будапештте дзюдодан өткен әлем біріншілгінің финалында Абиба осы Ассунта Скуттодан жеңіліп, күміс медальға ие болған еді.

    Ал үздік үштікті 5170 ұпаймен франциялық Ширин Букли қорытындылады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.