Қазақ дзюдошысы кадеттер арасында әлем чемпионы атанды (фото, видео)
Жарияланған күні:
Қазақстан құрамасы дзюдодан Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның жазуынша, дзюдошы Ернұр Батырғали 60 келіге дейінгі салмақта үздік атанып, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салған.
Батырғали шешуші кездесуде Тәжікстан құрамасының өкілі Лоик Кудбудиновты жеңген.
Сондай-ақ 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Мұхаммедәлі Жылқайдар күміс жүлдеге ие болған.
Ол финалдық белдесуде Ресей спортшысы Рахим Хамхоевке жол берген.
Осы салмақ дәрежесінде сынға түскен тағы бір қазақ дзюдошысы Ролан Қайрғали канадалық Анечка Матиды жеңіп, қола медаль еншілеген.
Осылайша, ұлттық құрама қоржынында төрт жүлде бар. Бұған дейін 50 келіге дейін салмақта Арман Мыса қола медаль алған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2280336-qazaq-dziudoshysy-kadetter-arasynda-alem-chempiony-atandy-foto-video/