jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақ қызы дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

    Дана Әбдірова
    Дана Әбдірова. Фото: t.me/kazjudoteam

    Дана Әбдірова дзюдодан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды Қазақстан Дзюдо федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Перудің Лима қаласында басталған әлем біріншілігінде Дана ел қоржынына алғашқы жүлдені салды.

    Дана Әбдірова қыздар арасында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған. Жарыс барысында барлығы бес кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтаған.

    Іріктеу кезеңінде Эльвира Гурьеваны (IJF), Коралина Сиенниканы (Польша) жарыс жолынан шығарған.

    Ширек финалда Жапония спортшысы Уено Асукадан айласын асырса, жартылай финалда Андраде Жованнаны жеңген. Алайда финалда Дана жапониялық жас дзюдошы Мио Шираканеге есе жіберген.

    Айта кетейік, дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында әлемнің 65 елінен 463 жас татами шебері қатысып жатыр.

    Қазақ қызы дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.