jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстанда жүзу сабағы мектеп бағдарламасына енгізіледі

    Жүзу
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Су спорты федерациясының бас хатшысы, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин үкімет отырысында мектеп бағдарламасына жүзу сабағы енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Дмитрий Баландиннің сөзінше, Федерация UNICEF бастамасын қолдайды және "Әр балаға жүзу сабағы қол жетімді болу керек" деген қағиданы ұстанады.

    "Федерация жүзуді бұқаралық спортты дамыту, халықтың денсаулығын жақсарту және судағы апаттардың алдын алу мақсаттарын біріктіретін стратегиялық маңызды сала ретінде қарастырады.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 2024 жылы әлемде 236 мыңнан астам адам суға батып кетті, оның 82 мыңы 1 мен 14 жас аралығындағы балалар. Бұл көрсеткіштер халықты жүзу дағдылары мен судағы қауіпсіздікке үйретудің маңыздылығын көрсетеді", - деді ол.

    Оның айтуынша, Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп жүзу сабақтары дене шынықтыру жүйесіне енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп датыр. Жүзу сабағы дене шынықтыру пәнінің бағдарламасына қосылады.

    "Жобаны 2026 жылы Алматы және Астана қалаларында пилоттық режимде ретінде іске қосу жоспарлануда, кейіннен республика бойынша кезең-кезеңімен жүзеге асырылады", - деп қорытындылады сөзін Дмитрий Баландин.

    Қазақстанда жүзу сабағы мектеп бағдарламасына енгізіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.