Софья Берульцева каратэден әлем чемпионатының финалына шықты
Опубликовано:
Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Софья Берульцева каратэден Каирде өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты. Бұл туралы ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қазақстандық спортшы Софья Берульцева 68 келіден жоғары салмақта алтын медаль үшін бақ сынайды. Жартылай финалда қазақстандық спортшы Ұлыбритания өкілі Рошель Уолтерсты жеңді.
Отандасымыз шешуші бәсекеде германиялық Йоханна Кнерпен кездеседі.
Ал қола медаль үшін Дидар Әмірәлі (67 келіге дейін) мен Әсел Қанай (61 келіге дейін) сынға түседі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2314728-sofia-berultseva-karateden-alem-chempionatynyng-finalyna-shyqty/