jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Шеберлігіңізді тағы да дәлелдедіңіз": Тоқаев Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

    Теннисші Елена Рыбакина
    Теннисші Елена Рыбакина. Фото: Clive Brunskill/Getty Images

    Мемлекет басшысы Australian Open турнирінің жеңімпазы атанған теннисші Елена Рыбакинаны құттықтады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Сізді спорттағы кезекті тамаша жетістігіңізбен – теннистен Австралия ашық чемпионатындағы керемет, айқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын!

    Сіз жеңіске деген ерік-жігеріңіз бен мінсіз шеберлігіңізді тағы да дәлелдедіңіз, бұған бүкіл әлемнің теннис қауымдастығы сүйсіне қарады. Алдағы уақытта да ең беделді турнирлерде жеңіске жете беруіңізге тілектеспін!" - делінген құттықтауда.

    Айта кетелік, Australain Open жарысының финалында Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы жеңіп, алғаш рет турнир жеңімпазы атанды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram