Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанды
Опубликовано:
Читать на русском
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатындағы жеңісінен кейін ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
WTA (Әйелдер теннисі қауымдастығы) спортшылардың рейтингін жаңартты. Бұған дейін әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған Елена Рыбакина бірден екі саты жоғарылап, үшінші орынға көтерілді.
Көшбасында әдеттегідей Australian Open жарысында Рыбакинадан жеңілген Беларусь теннисшісі Арина Соболенко тұр.
Ал польшалық Ига Швентек әлемнің екінші ракеткасы атағын сақтап қалды.
Айта кетейік, бұл Рыбакинаның әлемдік рейтингтегі ең үздік көрсеткіші. Ол 2023 жылы да үшінші орынға көтерілген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Мельбурндегі Үлкен дулыға турнирінде әйелдер арасындағы жекелей сында Елена Рыбакина жеңіске жетті. Рыбакина – Australian Open жарысында жеңімпаз атанған алғашқы қазақстандық спортшы.
Финалдан кейін Рыбакина Қазақстанға алғысын айтты. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев чемпионды жеңісімен құттықтады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2338337-elena-rybakina-alemning-ushinshi-raketkasy-atandy/