Қазақстандық спортшы конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
Жарияланған күні:
Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Шумекова жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қазақстандық спортшы Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан дода 500 метр қашықтықта алтын медаль жеңіп алды. Шумекова 38.48 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші болып жетіп, жеке рекордын жаңартқан.
Екінші орынды канадалық Джулия Снелгров (38.78) иеленсе, үздік үштікті польшалық Виктория Дабровска (38.96) түйіндеген.
Сынға түскен басқа қазақстандық спортышлар – Анастасия Беловодова 12-орынға, Варвара Глухова 13-орынға, Алина Шумекова 30-орынға, Айзада Рымбек 54-орынға тұрақтаған.
Басылымның мәліметінше, осы қашықтықта 2010 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Екатерина Айдова Қазақстанға алтын медальді сыйлаған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2348434-qazaqstandyq-sportshy-konkimen-zhugiruden-zhasospirimder-arasynda-alem-chempiony-atandy/