Қазақстандық семсерлесу шебері әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды
Жарияланған күні:
Қазақстандық семсерлесуші Нұрмұхаммед Жайлыбай Бразилияда өтіп жатқан жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында қылыш сайысынан қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарлауынша, бұл жүлде – аталған жас санатындағы жаһандық доданың жеке сайысы бойынша Қазақстан тарихындағы алғашқы медаль.
Жарыстағы жолы:
- 1/64 финал. Тиам Кодэ (Сенегал) – 15:9
- 1/32 финал. Даниэль Беркезчи (Венгрия) – 15:6
- 1/16 финал. Мотоки Кавахара (Жапония) – 15:11
- 1/8 финал. Ярослав Борисов – 15:14
- 1/4 финал – Патурзо Гонсалес (АҚШ) – 15:13
Жартылай финалда отандасымыз қазіргі Еуропа чемпионы әрі FIE әлемдік рейтингінің көшбасшысы Фуркан Яманмен (Түркия) кездесті. Тартысты өткен жекпе-жекте спортшы 13:15 есебімен есе жіберіп, тарихи қола медальді иеленді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2361217-qazaqstandyq-semserlesu-sheberi-alem-chempionatynda-tarihi-medal-zhengip-aldy/