jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "700 адам қатысқан": қызылордалық полицей каратэден халықаралық турнирде топ жарып, алтын еншіледі (фото)

    Қызылордалық полицей Қабыланбек Кемелбек
    Қызылордалық полицей Қабыланбек Кемелбек. Фото: instagram.com/kzo_pd

    Қызылорда облысы полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы, полиция аға лейтенанты Қабыланбек Кемелбек каратэден халықаралық деңгейдегі жарыста жоғары нәтиже көрсетті. Ол ел қоржынына алтын жүлде салған, деп хабарлайды облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    2026 жылғы 7-15 сәуір аралығында Әзербайжан Республикасының Баку қаласында каратэден Grand Prix Azerbaijan халықаралық турнирі өтті. Ауқымды спорттық дода "Серхедчи" спорт орталығында ұйымдастырылып, оған 15 мемлекеттен 700-ге жуық спортшы қатысты.

    "Тартысты бәсекеде Қабыланбек Кемелбек 75 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қарсыластарынан басым түсіп, жүлделі І орынды иеленді.

    Бұл жеңіс – қызмет пен спортты қатар алып жүрген полицейдің кәсіби шеберлігі мен жоғары дайындығының айқын дәлелі.

    Қызылорда облысы полиция департаменті әріптесімізді жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейді", - делінген хабарламада.

    "700 адам қатысқан": қызылордалық полицей каратэден халықаралық турнирде топ жарып, алтын еншіледі (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.