Тағы бір қазақстандық таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатында жүлделі болды
Жарияланған күні:
Қазақстан таеквондо құрамасы Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында тағы бір жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Алидар Абдукаримов 68 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленіп, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Спортшы жартылай финалға дейін жетіп, бұл кезеңде өзбекстандық Аюбхон Набиевке жол берді. Нәтижесінде қазақстандық таеквондошы әлем чемпионатын үшінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, осы нәтижеден кейін ұлттық құраманың еншісіндегі жүлделер саны төртеуге жетті. Бұған дейін Айым Серікбаева (44 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алса, Ерасыл Ерзат (48 келіге дейін) пен Ислам Медетбай (55 келіге дейін) қола жүлдегер атанған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2366721-alidar-abdukarimov-taekvondodan-zhastar-arasyndagy-alem-chempionatynda-zhuldeli-boldy/