jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

    Әділет Алмат
    Әділет Алмат. Фото: olympic.kz

    Дзюдодан Қытайдың Ордос қаласында Азия чемпионатының екінші күні мәресіне жетті. 81 келідегі Әділет Алмат Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Сомон Махмадбековтен басым түсіп, алтын медаль иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, 81 келідегі Әділет Алмат финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Сомон Махмадбековпен белдесті. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласын ауырту әдісімен жеңіп кетті.

    Айта кетейік, бұған дейін 2022 жылы Данияр Шамшаев Астанада өткен сары құрлықтың додасында топ жарған еді.

    Әділет Алматтың бұл Азия чемпионатындағы бірінші жүлдесі. Ол 2023 жылы жастар арасында Азия чемпионы атағына да қол жеткізген болатын.

    Дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.