Ел намысын 70 спортшы қорғайды: Азия жағажай ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Жарияланған күні:
2026 жылғы 22–30 сәуір аралығында Қытайдың Санья қаласында (Хайнань аралы) VI Азия жағажай ойындары өтеді, деп хабарлайды Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Бұл жарыста барлығы 15 спорт түрінен медальдар сарапқа салынады. Қазақстан құрамасы 9 спорт түрі бойынша қатысып, ел намысын 70 спортшы қорғайды:
- акватлон – 6 спортшы;
- 3×3 баскетбол – 8 спортшы;
- су добы – 14 спортшы;
- джиу-джитсу – 8 спортшы;
- желкенді спорт – 6 спортшы;
- ашық суда жүзу – 4 спортшы;
- жағажай күресі – 8 спортшы;
- жағажай волейболы – 8 спортшы;
- спорттық құзға өрмелеу – 8 спортшы.
Ойындар бағдарламасына олимпиадалық спорт түрлерімен қатар Азия өңірінде кең таралған дисциплиналар да енгізілген.
Айта кетейік, бұл жарыстар Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына дайындықтың бір кезеңі саналады.
Байрақты бәсекеге барлығы 15 спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2367363-el-namysyn-70-sportshy-qorgaidy-aziia-zhagazhai-oiyndaryna-qatysatyn-qazaqstan-quramasy-anyqtaldy/