Рыбакина Ресейдің бірінші ракеткасын жеңіп, WTA 500 турнирінің финалына шықты
Жарияланған күні:
Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды 1bol.kz.
Басылымның хабарлауынша, жартылай финалда қазақстандық теннисші әлемнің тоғызыншы ракеткасы Мирра Андрееваны сенімді түрде жеңді. Кездесу екі сетке созылып, 7:5, 6:1 есебімен Рыбакинаның пайдасына шешілді. Матч 1 сағат 19 минутқа жалғасты.
Енді финалда Рыбакина чехиялық Каролина Муховамен кездеседі. Әлемдік рейтингте 12-орында тұрған теннисшімен өтетін шешуші матч 19 сәуір күні Қазақстан уақытымен 16:00-де басталады.
Айта кетейік, Рыбакина бұл турнирде бұған дейін де бірқатар мықты қарсыластарды жеңді. 1/8 финалда ол әлемнің 19-ракеткасы Диана Шнайдерді 6:3, 6:4 есебімен ұтса, ширек финалда канадалық Лейла Фернандесті (25-орын) тартысты үш сетте — 6:7, 6:4, 7:6 нәтижесімен тізе бүктірді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2367417-rybakina-reseiding-birinshi-raketkasyn-zhengip-finalga-shyqty/