Ақмарал Ерекешева Испаниядағы клубтық чемпионатта екі бірдей жүлде алды
Жарияланған күні:
Астаналық гимнаст Ақмарал Ерекешева Испаниядағы клубтық чемпионатта екі қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті.
Испанияның Овьедо қаласында көркем гимнастикадан ұлттық клубтық жарыстардың ірі кезеңі — клубтық лиганың II фазасы (Liga Iberdrola), сондай-ақ мектеп оқушылары арасындағы Испания чемпионаты (CESA) аяқталды.
Ауқымды жарыстар Palacio de los Deportes аренасында өтті. Турнирге 14 елден келген мықты спортшылар, оның ішінде халықаралық гимнастшылар қатысты.
Қазақстанның намысын халықаралық аренада елордалық спортшы Ақмарал Ерекешева лайықты түрде қорғап, лента және шығыршық жаттығуларында екі қола медаль жеңіп алды.
Спортшының жетістігіне жаттықтырушы Меруерт Балғынбаева мен хореограф Саая Айдыс та өз үлесін қосты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2385936-aqmaral-erekesheva-ispaniiadagy-klubtyq-chempionatta-eki-birdei-zhulde-aldy/