jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Боксшыларды текке шаршатады": Тұрсынғали Еділов федерацияны сынға алды

    Фото
    Тұрсынғали Еділов. Фото: Азаттық рухы

    Танымал бапкер Тұрсынғали Еділов Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларының бірлескен оқу-жаттығу жиындарына қатысты пікір білдірді, деп жазады Sportbugin.kz.

    Бапкердің пікірінше, бірлескен жаттығу жиындарын жоспарға сай деп өткізе беру дұрыс шешім емес. Мұндай дайындықтың пайдасынан гөрі зияны көп болуы мүмкін.

    "Әр нәрсенің тиімділігі болуы керек. Сондықтан спортшыларға жеке бапкерлерімен жұмыс істеуге көбірек мүмкіндік берген жөн. Бірлескен оқу-жаттығу жиындары кей жағдайда боксшыларды текке шаршатады. Одан да әркім өз бағдарламасымен дайындалғаны дұрыс", - деді Еділов.

    Сондай-ақ бапкер қазіргі таңда ұлттық құрама спортшыларына сергектік пен тың күш жетіспейді, ал бұл жиі ұйымдастырылатын бірлескен жиындардың салдары болуы мүмкін екенін жеткізді.

    Айта кетейік, 2026 жылдың басынан бері Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары үш рет бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді. Оның екеуі Түркістан облысындағы спорт базасында ұйымдастырылса, бір оқу-жаттығу жиыны Өзбекстанның Янгиабад кентінде өтті.

    "Боксшыларды текке шаршатады": Тұрсынғали Еділов федерацияны сынға алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.