jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ресми: 2027 жылы Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты өтеді

    Михаил Шайдоров
    Михаил Шайдоров. Фото: Elsa/Getty Images

    Халықаралық конькишілер одағының (ISU) шешімімен Астана 2027 жылы мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын өткізетін қала ретінде ресми түрде бекітілді. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Айтулы жарыс елордада 2027 жылғы 9-14 ақпан аралығында өтеді. Астанаға Азия, Америка, Африка және Мұхит аймағының үздік мәнерлеп сырғанаушылары жиналады. Турнирді өткізу Қазақстан үшін де, мәнерлеп сырғанаудың жаһандық дамуы үшін де маңызды оқиға болмақ.

    ISU бұл шешімді Қазақстандағы мәнерлеп сырғанау спортына деген қызығушылықтың артуымен байланыстырады.

    Бұған 2026 жылғы ақпанда Милан мен Кортина-д’Ампеццода өткен қысқы Олимпиада ойындарында Михаил Шайдоровтың ерлер арасындағы жекелей сында тарихи алтын медаль жеңіп алуы үлкен әсер еткен. Оның жетістігі елде бұл спорт түріне деген қызығушылықты бұрын-соңды болмаған деңгейге көтеріп, жаңа буын спортшылары мен жанкүйерлерге шабыт сыйлаған.

    Төрт құрлық чемпионаты Қазақстан үшін мәнерлеп сырғанаудан ең ірі турнир болмақ.

    "Біз Қазақстанда алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын өткізетінімізге қуаныштымыз. Бұл Орталық Азиядағы жанкүйерлер үшін әлемдік деңгейдегі жарысты өз көздерімен көріп, сүйікті спортшыларын қолдауға тамаша мүмкіндік.

    Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудың танымалдығы жаңа деңгейге көтерілді және Астана спортшылар, жанкүйерлер мен жарысқа қатысушылар үшін тамаша алаң болатынына сенімдіміз", - деді ISU президенті Ким Джэ Ёль.

    Ресми: 2027 жылы Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты өтеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.