jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстан құрамасы тарихта тұңғыш рет семсерлесуден әлем чемпионатында алтын иеленді

    Семсерлесуден Қазақстан құрамасы
    Семсерлесуден Қазақстан құрамасы. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Гонконгта өтіп жатқан 2026 жылғы семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы шпагамен командалық турнирде топ жарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Еліміздің намысын Руслан Құрбанов, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов пен Ерлік Сертай қорғады. Финалға дейін жеткенше олар Финляндия (45:39), Өзбекстан (28:27), Дания (45:36) мен Мысыр (41:32) құрамаларын жеңді.

    Шешуші жарыста қазақстандықтар Украина спортшыларымен кездесті. Бесінші раундта Шарлаимов аяғын жарақаттап алып, медициналық көмекке жүгінді. Шпагашы өз жекпе-жегін жеңіспен аяқтағанымен, кейін оның орнына Құрбанов шықты.

    Тоғыз жекпе-жектің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 45:40 есебімен жеңіске жетті. Украиналықтар күміс жүлдеге ие болса, қола медаль Мысыр өкілдеріне бұйырды.

    Бұл – қазақстандық семсерлесу тарихындағы әлем чемпионатының алғашқы алтыны. Өткен жылы шпагашылар командалық сында қола жүлдегер атанған еді. Ал 2023 жылы Құрбанов жекелей сында үшінші орын алған болатын.

    Сәрсенбіде қылыштасудан әйелдер арасындағы командалық жарыста да жүлделер сарапқа салынды. Қазақстан құрамасы 19-орынға тұрақтады. Венгриялықтар жеңімпаз атанып, қытайлықтар күміс, ал франциялықтар қола медаль иеленді.

    Қазақстан құрамасы тарихта тұңғыш рет семсерлесуден әлем чемпионатында алтын иеленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.