jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Елдос Сметов, Абиба Абужақынова: жазғы Азия ойындарына қатысатын дзюдошылар белгілі болды

    Елдос Сметов
    Елдос Сметов. Фото: Rob Carr/Getty Images

    Жапонияда өтетін ХХ жазғы Азия ойындарына қатысатын дзюдодан ұлттық құраманың тізімі белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айчи-Нагоя қаласында ХХ жазғы Азия ойындары өтеді. Дзюдо бәсекелері 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында ұйымдастырылады.

    Ұлттық құраманың бапкерлер кеңесінің шешімімен дзюдодан Қазақстан құрамасының Азия ойындарына қатысатын құрамы бекітілді.

    Ерлер:

    • Елдос Сметов (60 кг);
    • Ғұсман Қырғызбаев (66 кг);
    • Бақытжан Абдурахманов (73 кг);
    • Алмат Әділет (81 кг);
    • Айдар Арапов (90 кг);
    • Марат Байкамуров (100 кг);
    • Ерасыл Қажыбаев (+100 кг).

    Әйелдер:

    • Абиба Абужақынова (48 кг);
    • Меруерт Сәрсенова (52 кг);
    • Дана Әбдірова (57 кг);
    • Эсмигүл Куюлова (63 кг);
    • Ажар Асхат (70 кг);
    • Екатерина Токарева (78 кг);
    • Аида Тойшыбекова (+78 кг).

    Елдос Сметов, Абиба Абужақынова: жазғы Азия ойындарына қатысатын дзюдошылар белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.