jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шахмат олимпиадасы: Өзбекстанға Қазақстан әйелдер құрамасын Бибісара Асаубаева бастап барады

    Бибісара Асаубаева
    Бибісара Асаубаева. Фото: Фото: Michal Walusza / FIDE

    Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында өнер көрсететін Қазақстан әйелдер құрамасының тізімін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы 15-27 қыркүйек аралығында Самарқандта өтеді.

    Бұл додада Қазақстан намысын Бибісара Асаубаева (ересектер арасындағы әлемдік рейтингте 5-орын), Алуа Нұрман (жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте 2-орын), Меруерт Қамалиденова (жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте 4-орын), Эльназ Қалиахмет (жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте 22-орын) және Зарина Нұрғалиева (жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте 23-орын) қорғайды.

    Қатысушылардың рейтингіне сәйкес, Қазақстан әйелдер құрамасы алдағы турнирде төртінші реттік нөмірге ие болды.

    Шахмат олимпиадасы: Өзбекстанға Қазақстан әйелдер құрамасын Бибісара Асаубаева бастап барады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.