jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Спорт министрлігі "Астана" баскетбол клубының жабылуына қатысты түсініктеме берді

    "Астана" БК
    "Астана" БК. Фото: astanabasket.kz

    Қазақстан Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті "Астана" баскетбол клубының қызметін тоқтату туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство мәліметінше, cоңғы жылдары клубтың халықаралық аренадағы нәтижелері алға қойған міндеттері мен күткен нәтижелерге сәйкес келмеген.

    "ВТБ Бірыңғай лигасының өткен маусымының қорытындысы бойынша "Астана" баскетбол клубы соңғы 12-орынға тұрақтады. Команда 44 матчтың тек екеуінде ғана жеңіске жетіп, жеңіліс көрсеткіші 95 пайыздан асты. Бұл – клубтың ВТБ Бірыңғай лигасындағы ең нашар нәтиже. Сонымен қатар команда соңғы сегіз жыл бойы аталған турнирдің плей-офф кезеңіне шыға алмады.

    Ішкі аренада да "Астана" баскетбол клубы алға қойған мақсаттарына қол жеткізе алмады. Команда Қазақстан Кубогы жолындағы бәсекеде есе жіберіп, Ұлттық лиганың чемпиондық атағын да иелене алмады", - делінген министрлік хабарламада.

    Ведомство былтыр спорт саласын қаржыландырудың тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан Заңы қабылданғанын еске салды. Заңның негізгі ережелері ұлттық құрама командаларды дамытуға басымдық беріп, спорт резервін қалыптастыруға, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен легионерлерді қаржыландыруға тыйым салуға бағытталған.

    "Қазіргі таңда отандық баскетбол спортын дамыту тәсілдерін қайта қарау жұмыстары жүргізілуде. Негізгі басымдық жастар командасын дамытуға, сапалы спорт резервін қалыптастыруға және балалар мен жасөспірімдер спортын қолдауға беріледі", - деп қосты министрлік өкілдері.

    Спорт министрлігі "Астана" баскетбол клубының жабылуына қатысты түсініктеме берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.