jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Соня Жиенбаева Испаниядағы W75 турнирінің чемпионы атанды

    Соня Жиенбаева
    Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева. Фото: Қазақстан теннис федерациясы

    Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испанияның Оренсе қаласында өткен W75 санатындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан теннис федерациясына сілтем жасап.

    Финалда әлемдік рейтингте 738-орында тұрған Жиенбаева WTA рейтингінің 442-сатысындағы болгариялық Изабелла Шиниковамен кездесті.

    Үш сетке созылған тартысты матч қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталды — 7:6 (7:2), 3:6, 6:1. Теннисшілер кортта 1 сағат 51 минут өткізді.

    Осылайша Соня Жиенбаева мансабында алғаш рет World Tennis W75 деңгейіндегі турнирдің чемпионы атанды. Бұған дейін ол W15 санатындағы екі турнирде жеңіске жеткен. Жиенбаева бұл титулдарды 2024 жылы Мадрид пен Антальяда иеленген.

    Соня Жиенбаева Испаниядағы W75 турнирінің чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.