jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев Жантілек Нұртілепұлын "Qazaqstan Barysy - 2026" турниріндегі жеңісімен құттықтады

    Жантілек Нұртілепұлы
    Жантілек Нұртілепұлы. Фото: instagram.com/qazaqstan_barysy

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жантілек Нұртілепұлын "Qazaqstan Barysy - 2026" турниріндегі айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

    Президент бұл жетістік спортшының жеңіске деген ерік-жігері мен озық шеберлігінің айқын көрінісі екенін атап өтті.

    Сонымен қатар мемлекет басшысы мұндай беделді бәсекелер халқымыздың бірегей дәстүрлерін жаңғыртып, өскелең ұрпақты ұлттық спорт түрлерімен айналысуға ынталандыратынына назар аударды.

    Айта кетейік, Жантілек Нұртілепұлы бұл додаға алғаш рет қатысқан 21 жастағы маңғыстаулық палуан. Ол шешуші белдесулерде қайсарлық пен шеберлік танытып, алтын белбеуді жеңіп алды.

    Турнир жеңімпазы Qazaqstan Barysy алтын белбеуімен қатар 15 млн теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды. Күміс жүлдегерге күміс белбеу мен 3,5 млн теңге, ал қола жүлдегерге қола белбеу және 1,5 млн теңге табысталды.

    Тоқаев Жантілек Нұртілепұлын "Qazaqstan Barysy - 2026" турниріндегі жеңісімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.