Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан әлем чемпионатында үздік бестікке енді
Жарияланған күні:

Көркем гимнастикадан Германияның Франкфурт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының шешуші күнінде ұршық жаттығуында өнер көрсеткен Ақмарал Ерекешева үздік 5 спортшының қатарына енді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Әлемнің үздік 8 спортшының қатарында өнер көрсеткен отандасымыз ұршық сайысында 29.400 ұпайға ие болды.
Алтын медальға болгар қызы Стилиана Николова - 30.150 ұпаймен ие болса, екінші орынға украиналық Таисия Онофрийчук - 30.050 ұпаймен тұрақтады. Қола медаль ресейлік Мария Борисоваға бұйырды. АҚШ гимнасты Рин Кейс төртінші орынға, қазақстандық Ақмарал Ерекешева бесінші орынға ие болды.
16 жастағы Ақмарал Ерекешева 2025 жылы жасөспірімдер арасында ел тарихында алғаш болып әлем чемпионы атанған болатын.
Жерлесіміз таспа сайысының финалында да жүлдеге таласады.
Франкфуртте ұйымдастырылып жатқан жаһандық доданың жеке жаттығуында жалпы 73 елден 102 спортшы жүлдені сарапқа салды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2413406-aqmaral-erekesheva-korkem-gimnastikadan-alem-chempionatynda-uzdik-bestikke-endi/
