jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстандық киберспортшылар The International турнирінің ширек финалында жеңіске жетті

    Әлімжан Watson Исламбеков
    Әлімжан Watson Исламбеков. Фото: Dota 2

    Шанхайда Dota 2 бойынша ірі турнир – The International өтіп жатыр. Team Yandex құрамындағы қазақстандық киберспортшылар ширек финалда жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл кезеңде олардың қарсыласы еуропалық Team Liquid командасы болды. Матч 2:0 есебімен Team Yandex-тің пайдасына аяқталды.

    Жеңімпаз команда құрамында Әлімжан "Watson" Исламбеков ең жоғары нәтиже көрсетті. Сондай-ақ Team Yandex құрамындағы тағы бір қазақстандық Арман "Malady" Оразбаев, ресейліктер Дмитрий "DM" Дорохин мен Илья "CHIRA JUNIOR" Чирцов және македониялық Мартин "Saksa" Саздов өнер көрсетеді.

    Команда жартылай финалдың жоғарғы торына шықты. Онда олар еуропалық және азиялық киберспортшылардан құралған Nigma Galaxy командасымен кездеседі. Бұл кезеңнің басқа матчында Team Spirit пен TEAM VISION ойнайды.

    Team Liquid турнирді төменгі торда жалғастырады. Олардың келесі қарсыластары – Team Falcons өкілдері.

    Қазақстандық киберспортшылар The International турнирінің ширек финалында жеңіске жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.