jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді

    Ғабит Расулхан
    Ғабит Расулхан. Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

    Эквадордың Гуаякиль қаласында жасөспірімдер арасында дзюдодан әлем чемпионаты басталды. Жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды. Оның ішінде бір алтын, екі күміс және екі қола медаль бар.

    60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ғабит Расулхан әлем чемпионы атанды. Финалдық белдесуде қазақстандық дзюдошы канадалық Роман Семирозумды жеңді. Осылайша ол құрама қоржынына турнирдің алғашқы алтын медалін салды.

    50 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әділжан Нұрбекен және 40 келіге дейінгі салмақтағы Адия Жанахмет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

    Ұлттық құрама қоржынына тағы екі медальды Бекарыс Құдайберген мен Ахмет Баубек қосты. Құдайберген 50 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленді. Ал Баубек 60 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға ие болды.

    Осылайша жарыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде бес медаль бар: бір алтын, екі күміс және екі қола.

    Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.