jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    15 жастағы алматылық жасөспірім шахматтан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

    Мария Холявко
    Мария Холявко. Фото: instagram.com/almatysport_basqarmasy

    Алматылық шахматшы, 15 жастағы Мария Холявко 20 жасқа дейінгі қыздар арасында өткен шахматтан Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Бұл туралы қалалық спорт басқармасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Құрлық біріншілігі 16-26 тамыз аралығында Үндістанның Мумбаи қаласында өткен. Классикалық шахмат бойынша қыздар арасындағы жарысқа Қазақстан, Үндістан, Өзбекстан, Түрікменстан, Шри-Ланка, Непал және Мальдив аралдарынан 66 шахматшы қатысты.

    "15 жастағы Мария өзінен жасы үлкен қарсыластармен сынға түсіп, турнирді бірде-бір жеңіліссіз аяқтады. Ол тоғыз партияның бесеуінде жеңіске жетіп, төртеуінде тең ойнап, мүмкін болған 9 ұпайдың 7-еуін жинады", - деп хабарлады ведомство өкілдері Instagram-дағы ресми парақшасында.

    Чемпионат қорытындысы бойынша Мария Холявко екінші орын иеленіп, жеңімпаздан небәрі жарты ұпайға қалып қойды. Сондай-ақ турнирдегі нәтижесінің арқасында әйелдер арасындағы халықаралық шебер (WIM) нормасын орындаған.

    "Азия чемпионатының күміс жүлдесі 15 жастағы алматылық шахматшының халықаралық деңгейдегі маңызды жетістіктерінің бірі болды", - делінген хабарламада.

    15 жастағы алматылық жасөспірім шахматтан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.