US Open: Елена Рыбакинаның бірінші айналымдағы қарсыласы белгілі болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның маусымдағы соңғы "Үлкен дулыға" турнирі – АҚШ ашық чемпионатының алғашқы айналымындағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Маусымдағы соңғы "Үлкен дулыға" турнирінің бірінші айналымында әлемнің екінші ракеткасы 17 жастағы америкалық Тея Фродинмен кездеседі. Жас теннисші USTA ұлттық чемпионатында 18 жасқа дейінгі қыздар арасында жеңіске жетіп, US Open турнирінің негізгі сеткасына wild card алған болатын.
Рыбакина жарысқа екінші нөмірмен қатысады. Ал Фродин үшін бұл кездесу ересектер деңгейіндегі ең үлкен сынақтардың бірі болмақ.
US Open-2026 турнирінің негізгі кезеңі 30 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр Рыбакина "Үлкен дулыға" турнирінің 1/8 финалына дейін жеткен еді. Ол биыл 240 рейтингтік ұпайын қорғауы тиіс.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2419415-us-open-elena-rybakinanyng-birinshi-ainalymdagy-qarsylasy-belgili-boldy/
