Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы чемпиондық атағын қорғап қала алмады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан жарыс аяқталды. Қазақстан құрамасы чемпиондық атағын қорғап қала алмады, деп хабарлайды
Жарыс финалында ұлттық құрама үшінші рет қатарынан Қырғызстанмен кездесті. Бұған дейін Қазақстан құрамасы екі рет жеңіске жетіп, чемпион атанған болатын.
Алайда өз алаңында өткен турнирде қырғызстандықтар есе қайтарды. Финалда олар 7:2 есебімен жеңіске жетті.
Көкпардан өткен жарыста үшінші орынды Ресей құрамасы иеленді. Қола жүлде үшін өткен матчта олар Өзбекстан спортшыларын 5:4 есебімен ұтты.
Бұған дейін Көшпенділер ойындарында көкпардан бөлек, көкпар (көк-бөрі) турнирі де аяқталған еді. Онда да Қырғызстан құрамасы чемпион атанды. Финалда олар Қазақстанды жеңді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2423642-duniezhuzilik-koshpendiler-oiyndary-qazaqstan-quramasy-chempiondyq-atagyn-qorgap-qala-almady/
