Арина Соболенко – Елена Рыбакина арасындағы матч: US Open финалы қашан басталады
Жарияланған күні:
Читать на русском
12 қыркүйектен 13-іне қараған түні Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" турниріндегі төртінші финалын өткізеді. KAZ.NUR.KZ Рыбакина мен Соболенкоға арасындағы матч туралы басты ақпаратты ұсынады.
US Open – маусымдағы соңғы "Үлкен дулыға" турнирі. Ол Нью-Йорктегі беткі жабыны қатты кортта өтеді. Соболенко мен Рыбакина әйелдер арасындағы жекелей сында финалда кездеседі.
Матч қашан басталады
Титулға талас US Open-нің ең ірі аренасы – Артур Эш кортында болады. Матч Қазақстан уақытымен 13 қыркүйекте сағат 01:00-ден ерте басталмайды. Оған дейін аренада ерлер арасындағы жұптық сында финал өтеді.
Соболенко – Рыбакина матчын қайдан көруге болады
US Open ойындарын көрсету құқығы халықаралық Eurosport арнасына тиесілі, ол Қазақстанда да қолжетімді
Жеке кездесулердегі басымдық Соболенко жағында – 10:7. Ол биылғы маусымда Australian Open финалында Рыбакинадан жеңілгенімен, кейін екі рет өзара кездесуде жеңіске жетті.
Соболенко мен Рыбакинаның қанша титулы бар
Беларусь теннисшісі – US Open-нің өткен екі жарысының жеңімпазы. Ол "Үлкен дулыға" турнирлерінен бөлек, екі рет Australian Open (2023 және 2024) жарысында топ жарды. Соболенконың WTA деңгейінде жекелей сында барлығы 24 титулы бар.
Рыбакина – екі "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазы. Ол 2022 жылғы Уимблдонда жеңіске жетіп, биылғы маусымда Australian Open-де үздік атанды. Қазақстандық теннисші мансабында WTA деңгейінде 13 титул иеленді.
Әлемнің бірінші ракеткасы кім
Ресми түрде US Open-ді әлемдік рейтинг көшбасшысы ретінде Соболенко аяқтап жатыр. Алайда финал нәтижесіне қарамастан, дәл Рыбакина беларусь теннисшісін рейтингтің шыңынан ығыстырады. WTA рейтингінің ресми жаңартылуы турнир аяқталған соң, 14 қыркүйекте болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2426635-arina-sobolenko-elena-rybakina-arasyndagy-match-us-open-finaly-qashan-bastalady/
