jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Елдос Сметов дзюдодан әлем чемпионатына қатыспайтын болды

    Елдос Сметов
    Елдос Сметов. Фото: Rob Carr/Getty Images

    Дзюдодан Қазақстан құрамасы Бакуде (Әзербайжан) өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын спортшылар тізімін анықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ұлттық құрама сапына 15 спортшы — тоғыз ер және алты әйел енді. Әлем біріншілігінде құрама көшбасшылары, соның ішінде Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева және басқа да қазақстандық дзюдошылар өнер көрсетеді.

    Ал 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде олимпиада чемпионы Елдос Сметов әлем чемпионатына қатыспайды. Бұл салмақта Қазақстан намысын Бақытжан Аман мен Шерзод Давлатов қорғайтын болды.

    Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына қатысатын құрамы:

    Ерлер:

    60 кг — Бақытжан Аман, Шерзод Давлатов; 66 кг — Нұрқанат Серікбаев, Асылжан Жұбатқанов; 73 кг — Есет Қуанов, Аңсарбек Гайнуллин; 81 кг — Жалғас Қайролла, Абылайхан Жұбаназар; 90 кг — Данил Крылов.

    Әйелдер:

    48 кг — Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева; 63 кг — Эсмигүл Куюлова; 78 кг — Аруна Жангелдина; 78 кг-нан жоғары — Ақерке Рамазанова, Камила Берліқаш.

    Қазақстан өкілдері жекелей сында да, аралас командалық турнирде де бақ сынайды.

    Дзюдодан әлем чемпионаты Бакуде 4-11 қазан аралығында өтеді.

    Елдос Сметов дзюдодан әлем чемпионатына қатыспайтын болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram