jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Елена Рыбакина WTA Finals-2026 турниріне бірінші болып жолдама алды

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: instagram.com/lenarybakina

    Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина теннисшілер арасында бірінші болып 2026 жылғы WTA қорытынды турниріне қатысуға кепілдік алды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

    WTA Finals-2026 турнирі 8–15 қараша аралығында Индиан-Уэллсте (АҚШ) Indian Wells Tennis Garden корттарында өтеді. Жарысқа жекелей сында маусымның үздік сегіз теннисшісі және сегіз үздік жұп қатысады.

    Рыбакина сәтті өткізген маусымының нәтижесінде жекелей сында қорытынды турнирге жолдама алған алғашқы теннисші атанды. 2026 жылы қазақстандық теннисші Australian Open және US Open турнирлерінде жеңіске жетіп, сондай-ақ мансабында алғаш рет WTA әлемдік рейтингінің көшін бастады.

    Теннис федерациясы мәліметінше, Елена үшін алдағы WTA Finals қатарынан төртінші қорытынды турнир болмақ. Ол алғаш рет бұл жарысқа 2023 жылы қатысқан, ал өткен маусымда бірде-бір матчта жеңілмей, турнирдің басты жүлдесін иеленді.

    Осылайша, Индиан-Уэллсте Рыбакина WTA Finals турнирінің қазіргі чемпионы ретінде өз атағын қорғайды. Жеңіске жеткен жағдайда ол Серена Уильямстан кейін WTA қорытынды турнирінде екі жыл қатарынан топ жарған алғашқы теннисші атанады.

    WTA Finals — әйелдер арасындағы кәсіби теннис маусымын қорытындылайтын басты турнирлердің бірі. Жекелей сындағы сегіз қатысушы төрт теннисшіден екі топқа бөлінеді. Әр топтан үздік екі спортшы жартылай финалға шығып, кейін турнир жеңімпазы анықталады.

    Елена Рыбакина WTA Finals-2026 турниріне бірінші болып жолдама алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram