jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Азиада-2026: Қазақстандық ММА шебері қарсыласын нокаутқа түсіріп, ширек финалға шықты

    Еркінғали Бүркіталин (сол жақта)
    Еркінғали Бүркіталин (сол жақта). Фото: Сали Сабиров / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

    Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында аралас жекпе-жек (ММА) бойынша жарыстар басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстандық спортшы Еркінғали Бүркіталин алғашқы жекпе-жекте Қытай Тайбэйінің өкілі Линь Мин-дяньді нокаутқа түсірді.

    Іріктеу кезеңіндегі бұл жеңістің арқасында спортшы 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалға өтті. Кездесуде оның қарсыласы оңтүстіккореялық Юн Тэ Ён болады.

    Бүркіталин қатысушылар кимоно киіп жекпе-жекке шығатын Traditional санатында бақ сынап жатыр. Сондай-ақ спортшылар шорты және рашгардпен өнер көрсететін Modern бөлімі де бар.

    Дәл осы екінші санатта жексенбі күні қазақстандық Әйгерім Төреханова (54 келіге дейін) сынға түсті. Бірақ ол іріктеу кезеңінде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен вьетнамдық Ло Тхи Фунгқа есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

    Азиада-2026: Қазақстандық ММА шебері қарсыласын нокаутқа түсіріп, ширек финалға шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram