Қазақстандық бессайысшылар 16 жылдан кейін Азия ойындарының жүлдесін иеленді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жапонияда өтіп жатқан ХХ Азия ойындарында қазіргі бессайыстан Қазақстан ерлер құрамасы жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жексенбіде қазіргі бессайыстан финалдық бәсеке өтті. Үздік үш жекелей нәтиже қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 4647 ұпай жинап, командалық есепте үшінші орын алды.
Қола жүлдегер атанған спортшылар – Темірлан Әбдірайымов, Лев Чувашов және Тихон Варехин. Бұл – қазақстандық бессайысшылардың Азия ойындарында 16 жылдан кейін жеңіп алған медалі.
Командалық сында Оңтүстік Корея құрамасы (4779) жеңіске жетті. Күміс жүлде қытайлықтарға (4768) бұйырды.
Азиада-2026 бәсекесіндегі қазіргі бессайыс бағдарламасына семсерлесу, жүзу, кедергілерден өту және лазерлік тапаншадан ату мен жүгіру (лазер-ран) кіреді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2430162-qazaqstandyq-bessaiysshylar-16-zhyldan-keiin-aziia-oiyndarynyng-zhuldesin-ielendi/
