jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Азиада-2026: 21 қыркүйекте қазақстандық спортшылар қандай жарыс түрінен сынға түседі

    Милад Карими
    Милад Карими. Фото: Тұрар Қазанғапов / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

    Дүйсенбі, 21 қыркүйекте Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында 18 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Назарларыңызға Қазақстан уақытымен жарыс кестесін ұсынамыз.

    Қазақстан құрамасы алғашқы жүлделер сарапқа салынған күні төрт алтын медаль жеңіп алды. Дүйсенбіде де спортшылар көптеген спорт түрінен бақ сынайды.

    Шөптегі хоккей

    Әйелдер

    05:00. Оңтүстік Корея - Қазақстан (А тобы)

    Триатлон

    05:30. Аралас эстафета

    Диана Ержанова, Арлан Жаңабай, Аида Ким, Егор Крупяков

    Нысана көздеу

    05:45. Пневматикалық винтовка, 10 м. Жекелей іріктеу + командалық финал

    08:30. Пневматикалық винтовка, 10 м. Жекелей финал

    Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин, Константин Малиновский

    Стенд ату

    06:00. Скит. Жекелей іріктеу + командалық финалдың бірінші күні (ерлер мен әйелдер)

    Александр Мұхамедиев, Артём Седельников, Давид Почивалов, Зоя Пискун, Әсем Орынбай, Адель Садақбаева

    Үстел теннисі

    Әйелдер командасы

    06:00. Қазақстан - Мальдив аралдары (С тобы)

    Ерлер командасы

    15:00. Қазақстан - Лаос (G тобы)

    Жүзу

    06:00. Іріктеу кезеңі

    13:00. Финалдық кезең

    Александр Румынский (50 метрге шалқалай жүзу), София Абубакирова мен Ксения Игнатова (екеуі де – 50 метрге шалқалай жүзу және 200 метрге кешенді жүзу), Әділбек Мусин (50 метрге еркін жүзу), Глеб Коваленя (50 метрге шалқалай және еркін жүзу), Айбат Мырзамұратов (100 метрге брасс әдісімен). Сондай-ақ ерлер арасында 4х200 метрге еркін стильдегі эстафета өтеді.

    ММА

    07:20. Жартылай финал және финал

    Санжар Әділов (65 кг-ға дейін, Traditional), Қадырбек Шынбаев (71 кг-ға дейін, Modern), Еркінғали Бүркіталин (77 кг-ға дейін, Traditional)

    Каратэ

    08:30. Іріктеу жекпе-жектері

    09:40. 1/4 финал

    10:40. 1/2 финал

    11:40. Финал

    Әсел Қанай (61 кг-ға дейін), Олжас Алтынбек (67 кг-ға дейін)

    Волейбол

    Әйелдер

    09:00. Қытай Тайбэйі - Қазақстан (5-8 орындар үшін плей-офф)

    Баскетбол 3х3

    Ерлер

    09:15. Қазақстан - Шри-Ланка (А тобы)

    10:30. Моңғолия - Қазақстан (А тобы)

    Спорттық гимнастика

    10:30. Жекелей көпсайыс финалы + жекелеген түрлер бойынша іріктеу

    Ілияс Әзизов, Дмитрий Патанин, Милад Карими, Нұртан Идрисов, Нариман Құрбанов (қосалқы)

    Бадминтон

    Ерлер

    11:00. Қазақстан - Жапония (бірінші айналым)

    Су добы

    Әйелдер

    13:40. Қазақстан - Жапония

    Ушу

    14:00. 1/8 финал

    Алина Шоссова (60 кг-ға дейін), Карим Иминжанов (60 кг-ға дейін), Бексұлтан Қоскенов (65 кг-ға дейін)

    Азиада-2026: 21 қыркүйекте қазақстандық спортшылар қандай жарыс түрінен сынға түседі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram