jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазақстандық шахматшылар Өзбекстандағы Дүниежүзілік олимпиадада қатарынан алтыншы жеңісіне қол жеткізді

    Алуа Нұрман
    Алуа Нұрман. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы жеңісті сериясын жалғастырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Алтыншы турда ұлттық құрама Әзербайжанды 2,5:1,5 есебімен жеңді. Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова және Зарина Нұрғалиева қатысқан партиялар тең аяқталды. Алуа Нұрманның жеңісі шешуші болды.

    Қазақстан әйелдер құрамасы Самарқандтағы жарыста әзірге ұпай жоғалтқан жоқ. 12 ұпай жинаған команда Қытаймен бірге көш бастап тұр.

    Қазақстан ерлер құрамасы да алтыншы турда Колумбияны 3,5:0,5 есебімен ұтты. Жандос Ағмановтың тақтасында ғана тең нәтиже тіркелді. Денис Махнёв, Сауат Нұрғалиев және Даниял Сапенов өз партияларында жеңіске жетті.

    Ерлер командасының еншісінде қазір төрт жеңіс, бір тең ойын және бір жеңіліс бар. Тоғыз ұпаймен ұлттық құрама 26-шы орында келеді.

    Қазақстандық шахматшылар Өзбекстандағы Дүниежүзілік олимпиадада қатарынан алтыншы жеңісіне қол жеткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram