jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Олимпиадада жүлдегер атанған қазақстандық мергендер 2026 жылғы Азия ойындарында бесінші орын алды

    Александра Ле
    Александра Ле. Фото: instagram.com/kazshooting

    Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында мергендер Александра Ле мен Ислам Сәтбаев жүлделі орынға ие бола алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Александра Ле мен Ислам Сәтпаев 10 метрден пневматикалық мылтықпен атудан аралас жұптар арасындағы іріктеу сайысында бақ сынады. Бұл дисциплинада Ле мен Сәтбаев Париждегі 2024 жылғы Олимпиадада қола жүлде иеленген еді.

    Азия ойындарында қазақстандықтар іріктеу кезеңінде 629,1 ұпай жинады. Олар Вьетнам құрамасының дисквалификациясынан кейін бір позицияға көтеріліп, бесінші орынға табан тіреді. Финалға үздік нәтиже көрсеткен Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея, Жапония өкілдері шықты.

    Бұған дейін Ле мен Сәтбаев пневматикалық винтовкадан 10 метр қашықтыққа нысана көздеу бойынша командалық және жекелей сында да жүлдесіз қалған еді.

    Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан атынан барлығы 558 спортшы қатысуда.

    Олимпиадада жүлдегер атанған қазақстандық мергендер 2026 жылғы Азия ойындарында бесінші орын алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram