Қазақстандық баскетболшылар 2026 жылғы Азия ойындарында алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында Қазақстанның әйелдер құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
B тобындағы шешуші матчта Қазақстан мен Гонконг шеберлік байқасты. Отандастарымыз тартысты ойынның 4-бөлігінде басымдық танытып, таразы басын 68-68 теңестірді. Осыдан кейін қосымша 5 минут овертаймда Ұлттық құрама 80-77 есебін тіркеп, алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Қазақстандық ойыншылар сапынан ең көп ұпайды қорғаушы Анастасия Алишаускайте жинады (22 ұпай).
Осылайша Қазақстан В тобында 3-орын алды. Әйелдер командасының плей-офф кезеңіне шығатын мүмкіндігі бар. Бұл біраздан соң өтетін С тобындағы шешуші тур ойындарының нәтижесіне байланысты.
Жалпы XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2431038-qazaqstandyq-basketbolshylar-2026-zhylgy-aziia-oiyndarynda-algashqy-zhengisine-qol-zhetkizdi/
