jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Әсем Орынбай 2026 жылғы Азия ойындарындағы екінші медалін жеңіп алды

    Әсем Орынбай
    Әсем Орынбай. Фото: Сали Сабиров / ҚР Ұлттық Олимпидалық комитеті

    Стенд атудан Қазақстан құрамасы Әсем Орынбайдың арқасында Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында екінші медалін иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Сәрсенбі күні "скит" бәсекесі бойынша жекелей сында финал өтті. Әсем Орынбай 28 ұпай жинап, қола жүлдеге қол жеткізді.

    Жарыста 35 ұпаймен Азия рекордын орнатқан қытайлық Цзян Итин жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені Исарапа Импрасерцук (31 ұпай) иеленді. Тағы бір қазақстандық спортшы Зоя Пискун алтыншы нәтиже көрсетті (18 ұпай).

    Бұл – Әсем Орынбайдың Азия ойындарындағы бесінші медалі. Ханчжоу-2022 додасында ол екі алтын және бір қола медаль алған болатын. Биылғы жарыста спортшы бұған дейін Зоя Пискун және Адель Садақбаевамен бірге командалық "скит" сынында күміс жүлдегер атанған еді.

    Әсем Орынбайдың еншісінде Азия чемпионы атағы мен әлем чемпионатының қола жүлдесі де бар. Ол Токио-2020 және Париж-2024 Олимпиадаларына қатысқан.

    Әсем Орынбай 2026 жылғы Азия ойындарындағы екінші медалін жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram