Азиада-2026: Әлижан Аблағатов ушудан алғашқы медальді жеңіп алды
Жарияланған күні:

Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында ушудан жартылай финалдық жекпе-жектер өтуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Cпортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әлижан Аблағатов финалға шығу жолында ирандық Мохаррами Пирагоммен кездесті. Жекпе-жек қарсыластың пайдасына аяқталды.
Осылайша, Әлижан Аблағатов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл – Қазақстанның ушудан Азия ойындарындағы алғашқы медалі.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2432103-aziada-2026-alizhan-ablagatov-ushudan-algashqy-medaldi-zhengip-aldy/
