jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Милад Карими алғаш рет Азия ойындарының жүлдегері атанды

    Милад Карими
    Милад Карими. Фото: Никита Басов / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

    Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қазақстандық гимнаст Милад Карими күміс медальға ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    27 жастағы спортшы еркін жаттығудан жекелей сындағы финалда өнер көрсетті. Ол жеті қарсыласынан кейін жарыс жолына шығып, бағдарламаны түйіндеді.

    Милад Карими өрескел қателіктер жібермей, төрешілерден 14,600 ұпай алды. Бұл нәтиже оған екінші орынға тұрақтап, күміс жүлдегер атануға мүмкіндік берді.

    Алтын медаль Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы, филиппиндік Карлос Юлоға (14,666), қола медаль жапониялық Сёма Цукиямаға (14,566) бұйырды.

    Милад Карими спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасына 2026 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы жүлдені сыйлады. Спортшы 25 қыркүйекте кермедегі жаттығудан өтетін финалда да бақ сынайды.

    Бұған дейін гимнаст Азия ойындарында жүлдегерлер қатарына ілікпеген еді. Оның еншісінде 2023 жылғы әлем чемпионатында еркін жаттығулардан алған қола медалі бар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram